Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөліміне қарасты №40 «Вишенка» балабақша-бөбекжайы» КМҚК «Непоседы» мектепалды даярлық тобында бүлдіршіндерге «Бұлттағы саяхат» тақырыбында қоршаған айналамен танысу бойынша ҰІӘ ашық сабағы өткізілді. Балалар адамдардың табиғатты аямай, орманды, су айдындарын қоқыспен ластайтынын айтты. Балалар қаламыздың көрікті жерлері туралы да әңгімеледі. Ата-аналарымен бірге қаланың макеттерін жасап, әр бала өз үлгісін көрсетіп, әңгімеледі.