Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөліміне қарасты №40 «Вишенка» балабақша-бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Қазақстан халықтарының тілдер күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті.
Балаларға қонаққа ертегі кейіпкері Алдар Көсе келді. Онымен бірге балалар би билеп, тақпақтар айтып, «Жарқырасын жанарың анық», «Қазақтың қалпағы», «Чулмак уены» (Дағыстан халық ойыны) ойындарын ойнады. Мереке көңілді және қызықты өтті.